Қоғам

Ақсуда 7 жасар баланы зорлаған партияның бұрынғы қызметкері өмір бойына сотталуы мүмкін

AMANAT партиясының бұрынғы қызметкері әрі Ақсу ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы былтыр жазда ұсталған

Жетісу облысында жеті жасар баланы зорлау ісі бойынша үкім жақын арада шығарылады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Орда.кз басылымының мәліметінше, айыпталушы Сериккан Жақұпов өмір бойы түрмеге қамалуы мүмкін. 

AMANAT партиясының бұрынғы қызметкері әрі Ақсу ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы былтыр жазда ұсталған. Сол кездегі мемлекеттік қызметкерге қатысты арызды оның туысы жазып, жеті жасар ұлымды зорлады деп айыптады. Кейін сараптама бұл мәлімдемені растады.

Бүгін сотта прокурор Ерлен Жантасов Жақыповқа өмір бойы қамау жазасын талап еткен. 

Сериккан Жақұпов 2020 жылдың күзіне дейін Ақсу ауданы әкімі аппаратын басқарған. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілер арасындағы этика мәселелері жөнінен уәкілетті ретінде қызмет атқарды. Ал 2024 жылдың 31 наурызында оны аудандық мәслихат депутаты ретінде сайлады.