Басты жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы АЭС-тің қайда салынатыны белгілі болды

АЭС салу туралы қаулы қабылданды

Еліміздегі алғашқы АЭС қай жерге салынатыны белгілі болды. Үкімет басшысының тиісті қаулыcы ресми түрде күшіне енді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2) тармақшасына және 12-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр стансасы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген құжатта.