Қоғам

«993 040 теңге»: Қазақстандағы «ең бай зейнеткердің» ай сайын алатын зейнатақысы көбейді

2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 17,24 миллион зейнетақы шоты бар

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстанда ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасын мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қордың мәліметінше, еліміздегі «ең бай зейнеткер» ай сайын 993 040 теңге алады.

Айта кетейік, қаңтарда ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 945 752 теңге болды. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем мөлшері 35 523 теңгені (қаңтарда 33 906 теңге) құрады.

БЖЗҚ хабарлағандай, 2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 17,24 миллион зейнетақы шоты бар.

«Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотындағы зейнетақы активтері шамамен 22,64 трлн теңгені құрады. Соңғы 12 айда зейнетақы активтері 4,52 триллион теңгеге (немесе 25 пайызға) өсті», - делінген хабарламада.