Басты жаңалықтар
Балаларды мектепке 31 шілдеге дейін балабақша дайындайтын болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 ақпан, 2025
- 1.1k

Ендігіде балалар балабақшадан білім алып барады
Мектеп жасына жеткен бала 31 шілдеге дейін балабақшада қала алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz. сайтына сілтеме жасап.
Осыған дейін ата-аналар балалары 6 жасқа толған соң балабақшадан босатылып, оқу жылы басталғанша мектепке де бара алмайтыны туралы шағымданған еді.
Мәжіліс депутатары мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заң жобасындағы аталған өзгерістерді мақұлдады. Оған сәйкес мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалардың 31 шілдеге дейін балабақшада қалуына мүмкіндік берілді.
Түзетулер мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып оқушыларына бейімделу бағдарламаларын әзірлеуге өкілеттік және қазақ тілін жеткілікті меңгермеген балалардың қосымша дайындалуына мүмкіндік береді.