«Әйел қырық шырақты»: Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығымен бөлісті
Әрбір адам баласының тағдыры бір Жаратушының қолында
Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева оқырмандарына жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта актриса екінші күйеуімен Лос-Анджелес қаласында тұрып жатыр.
“Кеш жарық, қадірлі менің оқырмандарым! 2024 жылдың 23 ақпан күні – жолдасым Ерлан екеуміздің заңды некеге отырып, шаңырақ көтерген күніміз. Биыл 1 жыл толып отыр. Құттықтап қоюларыңызға болады. Әрбір адам баласының тағдыры бір Жаратушының қолында. «Әйел қырық шырақты” деген осы шығар. Әрбір әйел бақытты болуға лайық”, – деп жазды әнші.