«Өте ауыр, мойның көтерсін»: Гүлзира Айдарбекова ұлының туған күніне қымбат сыйлық берді
Көбі мақтанды деп сөгетін болғасын айта бермейміз
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Үсенқызы 36 жасқа толған ұлына дайындаған сыйлығын берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Анасы өнер иесіне алқа сыйлады.
“Мойныңда жарқырап жүрсін деген ниетпен ақ алтын алқа сыйлап жатырмын. Халықтың ақ алтын баласы. Өте ауыр, мойның көтерсін. Мына сыйлыққа ешкімді қоспай, өзім бердім. Қалғандарың өздерің сыйлаңдар”, – деп әзілдеді продюсер.
Гүлзира Айдарбекова әнші ұлының тыңдармандары оның концертіне келу үшін алдын ала билет алып қоятындарын айтып, мақтанып алды.
“Қайраттың Америка, Германия, Түркия, Ресейде тыңдармандары бар. Әнін тыңдап, дереу видеосын тауып көрген. Ұлдары түсінде Қайратты көріп, кейін Мәскеуден Алматыға ұшып келген кісілер болды. Алдын ала концертіне билетке де тапсырыс беріпті. Көбі мақтанды деп сөгетін болғасын айта бермейміз. Оларға ойдан құрастырып тұрған ертегі сияқты болуы мүмкін”, – деді Гүлзира Үсенқызы.