Саясат

Қанат Шарлапаев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Ол президентке экономикалық бағытта көмекші қызметіне тағайындалды.

Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды  Kyn.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.