Феминистік ұйымының басшысын полиция бөлімшеге алып кетті
Жанар Секербаева Алмалы аудандық полиция басқармасына жаттығу залынан әкетілді
Feminita ұйымының басшысы Жанар Секербаева Алматы қалалық аудандық полиция басқармасына жеткізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Feminita қозғалысының белсенділері мәлім етті. Секербаеваны жаттығу залынан алып кеткені белгілі болды.
Жанар Секербаева Алмалы аудандық полиция басқармасына жаттығу залынан әкетілді. Ол бұған дейін қонақүйге жасалған басып кіру оқиғасы бойынша түсініктеме жазғаны айтылуда. Алайда оған ешқандай шақырту қағазы берілмеген, оны жай ғана күштеп ұстап, бөлімшеге алып кетті, – делінген хабарламада.
Бұл жағдайға байланысты Алматы полиция департаменті әзірге түсініктеме берген жоқ.