Қоғам

“Көктайғақ болып, жел екпіні күшейеді”: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер елімізде алдағы күндері ауа райының тұрақсыз болатынын ескертеді

"Қазгидромет" синоптиктері 1-3 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Наурыз айының алғашқы күндерінде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады.

Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын болады деп күтіледі.

Солтүстік-батыста 2 наурыз күні қар жауып, 2-3 наурызда оңтүстікте, ал 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады деп болжануда. Сонымен қатар, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні күшеюі мүмкін.

Синоптиктер елімізде алдағы күндері ауа райының тұрақсыз болатынын ескертеді.