Қоғам

"Наурыз" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Өтінімдер жұмыс күндері 9:00-ден 21:00-ге дейін онлайн қабылданады

"Наурыз" ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау 5 наурызда басталады. Бағдарламаның операторы – Отбасы банк. Өтінімдер 31 наурызға дейін қабылданады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Негізгі талаптар:

  • Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасында өз меншігінде тұрғын үйі болмауы керек;
  • Соңғы алты ай ішінде ресми кірісі болуы қажет.

"НАУРЫЗ" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ

  • Бастапқы жарна – 20%-дан бастап;
  • Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар үшін мөлшерлеме – 7% (ЖТСМ – 7.3%-дан 8.9%-ға дейін);
  • Қалған санаттар үшін мөлшерлеме – 9% (ЖТСМ – 9.3%-дан 11.8%-ға дейін);
  • Кредит мерзімі – 19 жылға дейін      
  • Максималды қарыз сомасы:
    • Алматы және Астана қалалары үшін – 36 млн теңгеге дейін;
    • Басқа өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін;
  • Несие сомасының 20%-ына дейін жөндеу жұмыстарына қаражат қосуға болады.

"НАУРЫЗ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ

  • Міндетті талап – Отбасы банкінде депозиттің болуы. Депозитті өтінім беру алдында ашуға болады;
  • Депозиттегі ең төменгі сома – 2 млн теңге. Бұл сомадан аз депозиттер өтінім беруге жарамсыз.

ИПОТЕКАЛЫҚ "НАУРЫЗҒА" ҚАЛАЙ ӨТІНІМ БЕРУГЕ БОЛАДЫ

  • Өтінімдер жұмыс күндері 9:00-ден 21:00-ге дейін онлайн қабылданады;
  • Отбасы банкінің сайтына кіріп, Baspana Market бөлімінде авторизациядан өтіңіз;
  • "Менің өтінімдерім" бөлімінде "Наурыз" бағдарламасын таңдап, "Өтінім беру" түймесін басыңыз;
  • Бағдарлама шарттарымен танысып, тұрғын үй сатып алатын өңірді және өтінім беру сәтіндегі тұратын өңірді таңдаңыз;
  • Шарттармен келісіп, "Жалғастыру" түймесін басыңыз;
  • Депозитті таңдап, келісіміңізді растаңыз;
  • Телефон нөміріңізге келген SMS кодты енгізіңіз;
  • Жеке мәліметтеріңізді тексеріп, растаңыз;
  • Мемлекеттік базалар арқылы өтініш беруші мен жұбайының меншік құқығы тексеріледі;
  • Банк тарапынан тұрғын үйге тексеріс жүргізіледі (үш жұмыс күнге дейін созылуы мүмкін);
  • Сәтті тексерістен кейін "Растау" түймесін басыңыз;
  • Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтінімді растаңыз. Өтінім қабылданды.

КІМДЕР ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ

  • Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар;
  • Жұмыс істейтін жастар;
  • Жас отбасылар;
  • Тұрғын үй төлемдерін алушылар;
  • Отбасы банкінің салымшылары;
  • Моноқалалар, аудандық орталықтар мен ауылдық елді мекен тұрғындары.