Саясат

Дональд Трамп АҚШ-тың "мемлекеттік тілін" заңмен бекітпекші

АҚШ халық санағы бюросының деректері бойынша америкалықтардың 78 пайызы үйінде тек ағылшын тілінде сөйлеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет елде мемлекеттік тілді бекітетін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.

Басылымға Ақ үйдегі дереккөз Трамп Билл Клинтон шығарған федералды жарлықтың күшін жойғысы келетінін хабарлаған. Бұл жарлыққа сай агенттіктер мен федералды қаржыландыру алатындар ағылшын тілінде сөйлемейтін азаматтарға тілдік көмек көрсетуге міндетті болатын. Трамп жарлығының жобасында "мемлекеттік тіл бірлікке септігін тигізіп, үкіметтегі тиімділікті қамтамасыз етеді, сонымен бірге азаматтық белсенділікке жол ашады", - делінген.

Басылым тілшілері мемлекеттік тілді бекіту Трамптың миграциялық саясатының бір тармағы екенін жазады. Бұған дейін ол кей мигранттардың ағылшын тілін білмейтініне алаңдаған. Сондай-ақ Трамп инаугурациясынан кейін Ақ үй сайтының испан тілді нұсқасы және әлеуметтік желідегі испан тіліндегі нұсқалары өшірілгені де жазылған.

АҚШ халық санағы бюросының деректері бойынша америкалықтардың 78 пайызы үйінде тек ағылшын тілінде сөйлеседі. Бірақ миллиондаған америкалық испан, қытай, тағал секілді тілдерде де сөйлейді. Осы тұста 30-дан астам штатта ағылшын тілі ресми тіл болып саналады.