Қоғам

“Тұман түседі, көктайғақ”: 2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні күшеюі мүмкін

Бүгін 2 наурызға арналған ауа райы болжамын OpenWeather порталы жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2 наурыз күні солтүстік-батыста қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, ал 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады деп күтілуде. Сонымен қатар, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні күшеюі мүмкін.

Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін көтеріліп, түнде -4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с болмақ. 

Астанада аздаған бұлт болады. Күндіз ауа температурасы -5 градусқа дейін жетіп, түнде -22 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,3 м/с болады. 

Шымкентте бүгін қар мен жаңбыр болады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағаны 10 градусқа дейін жетіп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,8 м/с деңгейінде болмақ.