Мәдениет

«Көбі өркөкірек, жүрегі қатты деп ойлайды»: Дариға Бадықова мінезі туралы шындықты айтты

Ол өзі туралы қате түсінікті айтты

Белгілі актриса Дариға Бадықова соңғы уақытта неге көрінбей кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі өзін өркөкірек дейтіндерге жауап берді.

«Жыртыңдап шыға бермейін дедім. Әзірге мүлдем жоғалып кететін мен жоқ.

Мені көбі өркөкірек, жүрегі қатты деп ойлайды. Мен лапухпын негізі. Дарылдап жүретіндердің арамдығы аз. Жеке бастарын ойламайды. Өзімді солай көрсетіп, оттай берем.

Өзім жалпылдап жүремін көмек сұрамаса да. Әй мына адамға керек қой, көрініп тұр ғой деймін де, Майдың парадына шыққандай баса берем.

Аяғында сөз естимін. Саған кім өйт-бөйт деді деп. Тіптен болмаса Құдайдың арқасы ғой дей салады. Жақсы қасиеттер баршылық”,- деп жазды актриса.