"Бесеуі бала": Маңғыстау облысында бір отбасы газдан уланып көз жұмды
Оның ішінде бес кәмелетке толмаған бала бар
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында бір отбасы газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл оқиға 2 наурызда орын алған.
“Бір отбасы тұтастай уланды. Көмек көрсетуге келген құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадасы оқиға орнынан жеті адамды тапты. Оның ішінде бес кәмелетке толмаған бала бар. Барлығы сол жерде көз жұмды", – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала болжамы бойынша, қайғылы оқиға газ жабдығын пайдалану ережесін бұзу салдарынан орын алған.
Марқұмдардың Өзбекстан азаматтары екені белгілі болды.
Төтенше жағдай себептерін анықтау үшін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқаратын комиссия құрылды.
Қайтыс болған отбасының туыстарына жерлеумен қоса жан-жақты көмек көрсетіледі.