Қоғам

Алматыға жақын маңда жер сілкінді

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан

Алматының оңтүстік-батысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жерасты дүмпулері 3 наурыз күні сағат 11:05-те болған.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан», - деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұлттық орталығының сейсмикалық стансалар желісі.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9.
  • MPV магнитудасы - 4,3.
  • Жер асты дүмпулері сезілген жоқ.