Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қар мен жаңбыр»: 4 наурызға арналған ауа райы болжамы

«Қар мен жаңбыр»: 4 наурызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: smartpress.by
Ел аумағы бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді

Синоптиктер 4 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Қазгидрометтің» болжауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында, ал таңертең және кешке Маңғыстау облысының батысында қалың қар жауады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауып, батыста қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Ел аумағы бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Сонымен қатар, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта жел екпіні күшейеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар