8 наурызға, аналарға арналған әдемі, ерекше тілектер, құттықтаулар
Аналар мекересінде әр адам өз анасына ерекше әдемі сөздер айтқысы келеді. Кейде тіл байлығы, кейде ойы шашырап әдемі жеткізе алмай жатады. Сол сәтте әдемі тілектер мен өлең жолдарын, құттықтауды осы жерден қараңыз.
Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл Анам, Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір-шапағаттың тереңін сезінбес ем. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Сізді сүйемін.
Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,
Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.
Асыл ана, құтты болсын мерекең,
Құшағына күллі әлемді сыйдырған.
8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен!
***
8 наурыз мерекең құтты болсын, Анашым!
Көктем келді ортамызға нұр шашып,
Бәйшешектер айналада гүл ашып.
Сол көктемнің ең алғашқы мейрамы,
Келді анашым баршамызды қуантып.
Құтты болсын мерекеңіз анашым,
Шаттығымен бастайтын көктем күні.
Жандүниеңіз нұрлансын жан анашым,
Жаныңызды тербетіп көктем үні.
Қуаныштан күйіңіз арылмасын,
Жаныңызға бұл көктем нұрын төккен.
Саулығыңыз анашым мықты болып,
Күндеріңіз көп болсын күлімдеткен.
Анашым, халықаралық әйелдер күнімен!
Көктем келді нұрына шомылдырып,
Айналаны шадыман көңіл қылып.
Сегізінші наурыз келді ортамызға,
Қуанышты, шуақты күнін қылып.
Құтты болсын анашым мерекеңіз,
Көңліңізді шаттықты, көңілдеткен.
Арта берсін анашым берекеңіз,
Жаныңызға бақ беріп гүлді көктем.
Сезініңіз өмірдің бар бақытын,
Ортамызда анашым күліп-ойнап.
Бақытты боп жүрсеңіз, көңілденіп,
Бізде анашым жүреміз гүлдей жайнап.
8 наурыз құтты болсын, анашым!
Бүгін шаттық, бүгін бақыт мереке,
Сегізінші наурыз келді құт болып.
Құтты болсын анашым бұл мереке,
Қуаныңыз шаттығыңыз көп болып.
Құттықтайды сізді бүгін ұлыңыз,
Сәтті болып жалғансын деп күніңіз.
Ақ жаулықты ардақты жан анашым,
Амандықта ортамызда жүріңіз.
Өзіңізбен ортамыз шад, мереке,
Көңіліміз көтеріңкі боп күйде.
Отбасының қаймағысыз бұзылмас,
Бақ-береке орнататын бұл үйге.
8 наурызға тілек анаға
Мейрамыңыз құтты болсын, анашым,
Әр көктемде ақ тілекпен тербеткен.
Құтты болсын шаттығына бөлейтін,
Сегізінші наурызыңыз кеп жеткен.
Көңіліңіз жайма шуақ гүлденсін,
Ғұмырыңыз жан анашым ұзақ боп.
Бұл мереке бақ-береке әкелсін,
Қиындықтар сізден алыс, жырақ боп.
Амандықта ортамызда жүріңіз,
Сәтті болып анашым әр күніңіз.
Мерекеде жан анашым бар сізге,
Ұсынатын шын жүректен гүліміз.
Мейрамыңызбен, анашым!
Мейрамыңыз құтты болсын, анашым,
Көктемдейін жаныңызды гүлдеткен.
Әр күніңіз нұрлы болсын, анашым,
Шаттығына бөлеп сізді бұл көктем.
Саулығыңыз мықты болсын, анашым,
Мол байлыққа жаныңызды кенелткен.
Жаратқаным бар жақсысын сыйласын,
Бақытыңыз алақанда тербеткен.
Жүзіңізден кетпесінші қуаныш,
Бар жақсылық таба берсін жалғасын.
Көтеріңкі болып сіздің күйіңіз,
Қатал тағдыр қиындығын салмасын!
Көктемнің алғашқы мерекесімен, анашым!
Сегізінші наурызбен құттықтаймын,
Жан анашым, асылым өзіңізді.
Күлім қағып қарайтын барша жанға,
Мұң шалмасын мейрімді жүзіңізді.
Қуанышын сыйласын бұл бір көктем,
Күндеріңіз көп болып бақытты еткен.
Мерекеден жетіңіз мерекеге,
Күндеріңіз көп болып көңілді еткен.
Қуанышты күндеріңіз есік ашып,
Бақытыңыз анашым ортаймасын.
Өміріңіз жайқалып гүл көктемдей,
Қайғы-мұңы анашым байқалмасын.
Анашым сегізінші наурыз құтты болсын!
Шуақ шашып, күлімдеп келді көктем,
Жанымызды құлпыртып, күлімдеткен.
Жан анашым мерекең құтты болсын,
Сегізінші наурыз бұл келіп жеткен.
Отбасынының гүлісіз тамыр жайған,
Нәр беретін біздерге әр беретін.
Шарласам да анашым бар әлемді,
Жан жоқ шығар өзіңе тең келетін.
Ортамызда анашым жүрші аман,
Ұл-қызыңның көріп сіз қуанышын.
Немерелер жалғасып шөбереге,
Арта берсін анашым жұбанышың.
Осы бір тамаша әйелдер мерекесінде тек жағымды эмоциялар, шексіз бақыт және зор денсаулық тілегіміз келеді. Барлық ауыртпалық сіздерді айналып өтсін және арайлап атқан әрбір таң тек қуаныш әкелсін.
***
Көктемнің құлпырған, сұлулық пен әсемдік мерекесімен! Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын. 8 наурыз мерекесі құтты болсын!
***
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Көктемгі көңіл-күй, шаттық, жылулық пен шабыт тілейміз. Жаныңыз бен жүрегіңіз бақыт пен махаббатқа толы болсын. Өмірге риза болып, жақындарыңыз сізді бағалай білсін!
***
Шуақты да жарқын 8 наурыз мерекесімен! Көктемгі мереке барлық ауыртпалықтарды артта қалдырып, керемет көңіл-күй сыйласын. Сіздерге шексіз сәттілік, мөлдір махаббат, зор денсаулық және бақыт тілейміз.