Қоғам

ҚБТУ мемлекетке қайтарылады

Өткен жылы Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің ісіне қатысты сот басталған болатын

Алматыдағы ҚБТУ мемлекетке қайтарылды. Университет Динара Құлыбаеваға тиесілі болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Университет Динара Құлыбаева басшылық ететін «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорына» тиесілі.

Өткен жылы Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің ісіне қатысты сот басталған болатын. Сот шешіміне сәйкес, “Қазақстан-Британ техникалық университеті” АҚ-ның 100% акциясы қайтарылған активтерді басқару компаниясына берілуі тиіс. 

2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен пайда болған Қазақстан-Британ техникалық университеті 2003 жылы «Қазмұнайгаздың» активтерінің бірі болған.

Айта кетсек, ҚБТУ ғимараты — Алматы қаласындағы Астана алаңында орналасқан ғимарат. 1957 жылы салынған қаладағы тарихи және көрнекті ғимараттардың бірі.