“Ерке қуанып жатқан шығар”: Райымның бұрынғы сүйіктісі тұрмысқа шықпақ
Желі қолданушылары блогерге құттықтау айтып, оған бақыт тіледі
Белгілі әнші Райымның экс-сүйіктісі Наргиза Рамазановаға жігіті ұсыныс жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қуанышты сәтін Наргиза Рамазанова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Әдеттегідей кеш болған. Бірақ ұмытылмас күнге айналды. Мен “Иә” дедім", – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары блогерге құттықтау айтып, оған бақыт тіледі.
Олар “Ерке қуанып жатқан шығар”, “Кезінде Ерке Наргизаның парақшасын блокқа жіберу үшін ақша берген еді”, “Қандай керемет жаңалық, бақытты болсын!” деп жазды.
Айта кетсек, Райымның сүйіктісі болған блогер екеуінің қарым-қатынасына не әсер еткенін жазған болатын.
“Ең біріншіден, көп адам айтып жатқандай ол мені тастап кеткен емес. Екіншіден, біз 7 жыл жүрдік. Ата-аналарымыз танысты. Қыркүйекте той болуы керек еді. Бірақ бірнәрсе дұрыс емес болып кетті. Анық-қанығын айтпай-ақ қояйын. Мен оның ата-анасын сыйлағандықтан көп нәрсе айтқым келмейді. Ол арасында келетін. Онымен (Еркемен-ред.) қатар кездесіп жүрген. Екеуміздің ара-қатынасымызды үзуге шешім қабылдадым. Ол ешқандай да опасыздық емес. Менің өмірім онсыз да қызық", – деген еді Наргиза.