“Мәйітін есік алдына көмген”: Ақмола облысында асырап алған 2 жасар баланы өлтірген екі әйел сотталды
65 жастағы әйел 21 жылға, ал екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Ақмола облысының Щучинск қаласында асырап алған баланы өлтіргендерге үкім шықты. Бұл резонанстық іс бойынша сот алдында патронат ана мен әже жауапқа тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Halyqstan-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға шамамен бес жыл бұрын болған. Баланың мәйіті ұзақ уақыт бойы жеке үйдің бақшасында сақталған. 2 жасар баланы асырап алғандар айуандықпен өлтіріп, есік алдына көмген. Бірақ бұл туралы ешкім білмеген.
Өткен жылдың көктемінде барлық шындық ашылды. 5 баланы асырап алған отбасы бір баласын ауруханаға алып барады. Бірақ ол баласының құжаттарын көз жұмған баланың құжатымен шатастырып алған.
Туу туралы куәлік төрт жыл бұрын қайтыс болған балаға тиесілі болған.
Осы іске қатысты басты күдікті 65 жастағы әже болды. Ол бірден қамауға алынды. Кейінірек марқұм баланың «қамқоршысы» саналған 29 жастағы әйел да түрмеге тоғытылды.
Сот процесі жабық режимде өтті.
65 жастағы әйел 21 жылға, ал екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.