Шерзат Болаттың өлімі: Бас прокуратура соттың қашан басталатынын айтты
Соттың қашан басталатыны алдағы 10 күн ішінде шешіледі
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Талғарда бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты сот отырысы қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Шындалиевтің сөзінше, тергеу аяқталып, іс материалдары прокурорға тапсырылған.
"Соттың қашан басталатыны алдағы 10 күн ішінде шешіледі. Егер іс күрделі болып, бірнеше эпизодтан тұрса, прокурордың шешім қабылдауына бір айға дейін уақыт берілуі мүмкін," – деді Шындалиев.
Іс сотқа қашан жіберілетіні белгісіз және шешімді прокурор бір ай ішінде шығаратынын айтады.
“Әзірге нақты мына күн деп айта алмаймын. Себебі заңға сәйкес мұндай шешімдер 10 күннің ішінде қабылданады. Егер ол қиын қылмыстық іс болса, прокурор шешімді бір ай ішінде шығара алады. Қазір бұл іспен Алматы облысының прокуратурасы айналысып жатыр”, - дейді Шындалиев.