«Жүре алмай қалатыным бар, біраз қиналдым»: Роза Әлқожа аяғын баса алмай жүргенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:39
- 64

Белгілі әнші Роза Әлқожа аяғын баса алмай қалғанын және биік өкше кие алмай қалғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Роза Әлқожа бір кездері аяғын қайырып алған болатын. Содан бері біраз қиналып, зардабын көріп келе жатқан көрінеді.
“Былтыр ақпан айының ортасында аяғымды қайырып алып ем ғой?! Сонда тобығым жарылып, қызыл асық тайып кеткен еді. Содан бері аяқкиім табу қиын. Өзгеріске ұшырағаны бар, ауа райына байланысты биік өкшемен жүре алмай қалатыным бар, біраз қиналдым. Соның шешімі табылды. Арнайы аяқкиім тігетін жерді тауып, қуанып қайттым. Енді қолдан тігілген етік киетін болдым. Ұлттық құндылығымызға ішіміздің жылып тұратыны жасырын емес”, – деді әнші.
Еске салсақ, өнер иесі аяғын ауыртып алғанын және 40 күн бойы гипсте жатқанын жазған болатын.