Мәдениет

«Телефон соқпаймын, жақын араласпаймын»: Абай Бегей өзіне адам ұнамай қалса, онымен араласа алмай қалатынын жеткізді

Маған бір адам ұнамай қалса, кейін ол адаммен араласа алмай қаламын

Белгілі әнші Абай Бегей күйеу балаларымен қарым-қатынасы туралы айтып, олармен араласпайтынын жеткізді деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол актер Тәуекел Мүслімге берген сұхбатында әңгімеледі.

«Қызым тұрмысқа шығамын дегенде бірден келісімімді бердім. Содан кейін қызым күйеу баламен таныстырғысы келді. Ал мен қызыма: Егер күйеу бала маған ұнамай қалса, шықпай қаласың ба?, дедім. Ол маған шығамын, соны қаладым, деді. Онда маған көрсетпе дедім. Ұзату тойын 700 адамға істедім. Күйеу баланы сол кезде көріп, амандастым. Сонымен болды. Әлі күнге дейін күйеу балаларыма телефон соқпаймын, жақын араласпаймын. Маған бір адам ұнамай қалса, кейін ол адаммен араласа алмай қаламын. Сол себепті тойдан кейін қызыма: Күйеу  баланы маған жамандама дедім», — деп ағынан жарылды әнші.

Желі қолданушылары Абай Бегейдің бұл әрекетін құптамайтындарын білдірді.

Олар «Саған ұнамасада ұнасада Қызың таңдаған болса қайда барасың. Келіспей», «Жастарға жылулық көрсетіп,ішке тартып ,қарым қатынастар жақын болу керек.бірінші, қызыңды ойлау керек», «Тәкаппарлық басымдау болып тұр», деп жазды.