Қоғам

Наурыз айындағы мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі жарияланды

Сенбі мен жексенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орай "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесін ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сенбі мен жексенбі күндері, яғни 8 және 9 наурыз, ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді. 10 наурыз, яғни дүйсенбі кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып, 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Наурыз мейрамына орай ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін 21, 22, 23, 24 наурыз демалыс күндері болып саналады. 25 наурыз, яғни сейсенбі күні кезекші ХҚКО мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл орталықтар азаматтарды сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетсек, елімізде 8-10 наурыз бен 21-25 наурыз аралығы демалыс күндері.