Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Маңдайымда ісік пайда болды»: қазақстандық әнші өзін ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері ұрып-соққанын айтты

«Маңдайымда ісік пайда болды»: қазақстандық әнші өзін ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері ұрып-соққанын айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Сотта өзінің танысы барын және мемлекеттік органдарда жұмыс істегенін, ақшасы бар екенін айтып айқайлады

Белгілі әнші, блогер Биназир Ермағамбетова (BikaBreezy) көршісін сотқа берді. Айтуынша, оны соққыға жығып, қорқытқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.   

Оның сөзінше, ер адам бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен көрінеді. Бұл туралы желідегі парақшасында бөлісті.

«29 қаңтарда үйімнің ауласында 130 келілік ер адам, менің көршім, 50 келі тартатын мені ұрды. Мен өзімді қорғауға тырысқаныммен, күшім жетпеді. Бірақ маңдайымда ісік пайда болды. Еңгезердей еркек үстіме шығып, ұрып-тұншықтыра бастады. Мен полицияға арыз жаздым. Қазір жәбірленуші ретінде сот процесіне қатысып жүрмін. Бірақ, маған екінші іс бойынша айып тағылған. Көршім өзін ұрып-соққаны туралы арыз жазыпты», – дейді блогер.

Сотта ер адам оған айғайлап, қорқыта бастаған. Кейіннен оның бұрынғы ҰҚК қызметкері екені анықталды.

«Сотта өзінің танысы барын және мемлекеттік органдарда жұмыс істегенін, ақшасы бар екенін айтып айқайлады. Бұл рас екен. Ол бұрын ҰҚК қызметкері болған. Бірақ ҰҚК қызметкерлерінің барлығы ондай емес деп үміттенемін, қыздармен төбелесіп, оларға қарсы арыз жазатындар емес шығар», – деді әнші.

Блогер соққыға жығылғанының салдарынан жоспарлы концертінен бас тартқанын және сол үшін айыппұл төлегенін айтады.

«Бетімдегі көгерген іздерге байланысты келісімшарт орындалмады. Сол үшін 4,5 миллион теңге төледім. Тіпті дауыс ырғағымды жоғалтып алдым. Әділдікке жету үшін менің денсаулыққа зиян келуі керек пе? Мен Медеу аудандық полиция департаментінің қалай жұмыс істеп жатқанын түсінбеймін. Көршімді мен ұрмағанымды қалай дәлелдеуім қажет?», - дейді блогер.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар