Алматы әуежайындағы оқиға: Тоқаев күдіктіні ұстаған ер адамға мемлекеттік награда беруді ұсынды
Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның ерлігін атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамды ұстаған азаматқа награда беруді ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы бұл оқиғадан өзінің хабардар екенін жеткізді.
“Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды”, – делінген хабарламада.