Басты жаңалықтар

Астанада ер адам мектеп жанында тыр жалаңаш жүгірген: ол психикалық орталыққа тапсырылды (ВИДЕО)

Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сол жерден дәрігерлерге тапсырылды

Астанада тыр жалаңаш көшеде жүгіріп жүрген ер адам көпшіліктің көзіне түсті. Бұл туралы видео желіде тарап кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға бүгін 7 наурызда болған.

Киімсіз ер адамды Астананың Тархан көшесіндегі №5 мектеп аумағында байқап қалған. Мектеп жанынан жүгіріп өткен ол айналасындағы адамдарды, балаларды да қорқытқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны қолға түсірді.

Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сол жерден дәрігерлерге тапсырылды.

«Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының қызметкерлеріне тапсырылды», - деп жауап берді Астана полиция департаменті.