Қоғам

«-20 градус аяз күтіледі»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Біраз өңірде жауын-шашын болып, жел соғады

Синоптиктер демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Күнтізбеде көктем болғанына қарамастан, солтүстік-батыс циклондарының сериясы Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізуді жалғастыруда. Ол солтүстікте қар, боран, елдің оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, сондай-ақ бүкіл республика бойынша желдің күшеюіне алып келеді», - дейді мамандар. 

9 наурызда жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі анықталады.

10 наурызда солтүстік аймақтарда түнгі уақытта 12-20 градус аяз күтіледі.