Қоғам

Зеленскийдің кеңесшісі Ақ үйден ешқашан кешірім сұрамайтынын айтты

Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк Францияның Le Point журналына берген сұхбатында Зеленскийдің Ақ үйдегі сөздеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Baq.kz басылымына сілтеме жасап.

«Зеленскийдің сөздері кейбір тараптар үшін сәтсіз қабылданды» деген журналистің сөзімен Михаил Подоляк келіспейтінін мәлімдеді.

Президент Зеленский дұрыс істеді. Ол АҚШ әріптестеріне Ресейді күштеп мәжбүрлеу қажет екенін жеткізуге тырысты. Мәскеу өз еркімен ештеңеден бас тартпайды, сондықтан біз ешқандай кешірім сұрамаймыз, – деді Подоляк.

Подоляк бұл кездесуді “саяси көшбасшылар арасындағы өте эмоционалды дискуссия” деп сипаттады. Оның айтуынша, Зеленскийге ешқандай қысым жасалмаған, керісінше, пікірталас екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.

Ресейге қатысты ұстанымын өзгертуге шақырған Зеленскийдің сөздері Вашингтонда пікірталас туғызғанымен, Киев өз позициясын өзгертпейді.

Біз Мәскеудің өз еркімен шегінетінін күтпейміз, сондықтан бізге күш қолдану арқылы қысым көрсету маңызды, – деді Подоляк.

РБК дерегінше, бұл кездесу Украина мен АҚШ арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған, ал Зеленскийдің сөзі “орынды әрі уақытылы” болған.