Басты жаңалықтар

"Көп дүниені иемденген". Арғын Нығматулиннің қанша жылға сотталатыны белгілі болды

Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялаған Арғын Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны мәлім болды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚР Бас прокуратурасы А.Нығматулинге және басқа да күдікті тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Осы бап бойынша, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Естеріңізде болса, бұған дейін Арғын Нығматулинге халықаралық іздеу жарияланған. Арғын Зайруллаұлы 1955 жылы дүниеге келген. 2007 жылдан 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы ЖШС директоры қызметін атқарған. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болған.