
Атап айтқанда, Трамп телеарна жүргізушісінің “Украина АҚШ-тың қолдауынсыз өмір сүре ала ма?” деген сұрағына жауап берді. Америкалық көшбасшы Ресей мен Украинаның арасындағы соғыс мүлде болмауы керек еді деп тағы да қайталады және “егер ол президент болғанда, мұндай жағдай орын алмас еді” деп мәлімдеді.
Украина кез келген жағдайда өмір сүрмеуі мүмкін, бірақ біздің Ресеймен қарым-қатынасымызда кейбір әлсіз тұстар бар. Келісімге келу үшін екі жақтың да мүдделі болуы керек. Тыңдаңыз, бұл соғыс болмауы тиіс еді, бірақ ол болды. Сондықтан біз қазір осы былықтың ішінде қалдық, – деді Трамп.
Трамп сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-тан қаржылық көмек алуын баланың қолынан кәмпит тартып алғанмен салыстырды.
Зеленский оны өте оңай жасады. Бұл баланың қолынан кәмпит алғанмен бірдей болды. Ол ақылды жігіт. Және ол қатал адам. Ол АҚШ-тан ақша алды. Байденнің кезінде бұл баладан кәмпит алғандай оңай болды. Бұл өте қарапайым нәрсе еді. Менің ойымша, ол бізге ешқандай ризашылық білдірген жоқ. Біз оған 350 миллиард доллар бердік, ал Еуропа 100 миллиард доллар берді, – деді Трамп.
Республикалық партия өкілі Зеленскиймен Ақ үйдегі келіспеушіліктеріне қарамастан, Украинамен сирек кездесетін металдар бойынша келісімге қол қоюды күтіп отырғанын атап өтті.
Мәскеуге қатысты “жұмсақ” ұстанымы туралы сынға пікір білдіргенде, Трамп Ресейге өте қатаң саясат ұстанғанын айтты.
Мен Ресейге ең қатаң саясат жүргіздім, менен қаталы болмаған. Бұл мен тоқтатқан “Солтүстік ағын-2” құбырының құрылысы. Бұл мен енгізген Ресейге қарсы санкциялар. Бұл мен Украинаға Javelin бердім, – деді Трамп.
Сонымен қатар, ол Ресей президенті Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынаста екенін атап өтті.
Ресейге менен қатал ешкім болған жоқ. Ешкім. Олар мұны біледі. Бірақ сонымен бірге менің Путинмен, Ким Чен Ынмен, Си Цзиньпинмен жақсы қарым-қатынасым бар”, – деді ол.