«Ренжітіп жатсам, мән берме»: Тәуекел Мүсілім әйелін туған күнімен құттықтады (ВИДЕО)
Бақытты, қуанышты күндеріміз көп болсын.
Белгілі актер Тәуекел Мүсілім әйелін туған күнімен құттықтап, оған деген жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram желісінде видео жариялады.
"Туған күніңмен, Махаббатым. Өзіңмен бірге өткізген әрбір сәтке шүкіршілік етемін. Алланың маған берген сыйысың. Сенімен өткізген әр сәт бақытқа, махаббатқа толы. Кейде ренжітіп жатсам, мән берме. Ең бастысы, мен сені шын сүйем. Бақытты, қуанышты күндеріміз көп болсын. Алла соңғы демімізге дейін бірге болуды нәсіп етсін", - деді актер.