Қоғам

Алматыда 18-қабаттан құлаған әйел қаза тапты

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр

Алматыдағы тұрғын үй кешенінен әйелдің денесі табылды. Ол 18-қабаттан құлаған болуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға таңғы сағыт 6:30-да орын алған. Мәлімет бойынша, марқұмның жасы 25 пен 35 аралығында.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға байланысты Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.