Наурыз мейрамы: қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды
Осы айда қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр
Наурыз мерекесінде қазақстандықтардың қанша күн демелатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мейрам 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Осы жылы бұл күндер жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді. Сол себептен демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.
Бес күн жұмыс істейтіндер 21-25 наурыз аралығында демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер төрт күн демалады. Ал 25 наурыз (сейсенбі) жұмыс күні болады.
Осы айда қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр.