Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әрі қарай ұрып-соға беруге болады»: әншіге қол көтерген бұрынғы ҰҚК қызметкері 70 мың теңге айыппұлмен құтылды

«Әрі қарай ұрып-соға беруге болады»: әншіге қол көтерген бұрынғы ҰҚК қызметкері 70 мың теңге айыппұлмен құтылды
Сурет: ашық дереккөздерден
Бірінші күні-ақ көршім «Маған не істей аласың? Менің таныстарым бар, ақшам бар!» деп кеудесін соғып еді

Белгілі әнші Биназир Ермағамбетова (BikaBreezy) өзін көршісі ұрып-соққанын айтып, оны сотқа берген болатын. Алматы қаласының Медеу аудандық соты оған 70 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ермағамбетова соттың шешіміне наразылығын білдіріп, желідегі парақшасында жариялады.

«70 мың теңге төлеп, әрі қарай ұрып-соға беруге болады. Ең бастысы, өлтірген жоқ қой… Бірінші күні-ақ көршім «Маған не істей аласың? Менің таныстарым бар, ақшам бар!» деп кеудесін соғып еді. Тергеушілер арқылы арызымды қайтарып алуыма көндірмек болды. Керісінше, менің үстімнен арыз жазып, оны ұрған мен екенімді айтып шықты. Ол сотта жылап, жүрегінің ауыратынына шағымданды. Тіпті өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты. «Менің төрт балам бар, мені аяңыз» деп соттан жалынды», - дейді әнші.

Айтуынша, оның өтемақы төлемей, түрмеге қамалуын қалаған. Алайда, сот оны айыпты деп танып,  78 640 теңге айыппұл салды. Моральдық шығын ретінде 100 мың теңге өндіруді талап етті.

Айта кетсек, әнші көршісінің бұрынғы ҰҚК қызметкері болғанын айтқан болатын.

 

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар