Қоғам

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды

Үшінші тоқсанның соңы таяп қалды

Биыл оқушылар үшін көктемгі каникул кезеңі он бір күнге жалғасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Білім министрлігінің мәліметінше, еліміздің мектептерінде көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызы мен 31 наурызын қоса алғанда 11 күнге созылады.

«Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектептерде ішкі тәртіп ережелерін сақтау, сондай-ақ көше қауіпсіздігін, үйдегі өрт қауіпсіздігін және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі болып қала береді», - деп атап өтті министрлік.