Қоғам

Павлодарда әуежай жұмысын тоқтатты

Павлодар облысының әкімі ақпаратты халыққа уақытында жеткізбеген қызметкерлерге ескерту жасады

Павлодарда әуежайы 1 сәуірден 1 қарашаға дейін жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әуежайда ұшу-қону жолағын кеңейту бойынша жөндеу жоспарланған. Жөндеу жұмыстары жүргізілмесе әуежай 2026 жылы ұшуға жарамдылық сертификатын алмайды және рейстерді қабылдай алмайды. 

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов қайта құру мерзімдері туралы ақпаратты халыққа уақытында жеткізбеген қызметкерлерге ескерту жасады.