Басты жаңалықтар

Қазақстанда доллар 489 теңгеге дейін түсті

Ал айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 488 теңгеден сатып алып, 491 теңгеден сатып жатыр

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 488,53 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 5,73 теңгеге төмен.

Ал айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 488 теңгеден сатып алып, 491 теңгеден сатып жатыр.

Бұған дейін Қазақстандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамының тағы да төмендегені хабарланған болатын.