Басты жаңалықтар
Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатыла ма? Әкімдік жауап берді
- автор kyn.kz
- Бүгін, 09:23
- 616

Алматы әкімдігі қалада ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді.
Бұған дейін ресейлік БАҚ Алматыда марқұм Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылатынын жазды. РЛДП құрылтайшысына арналған ескерткіш 2026 жылы Ресей Федерациясының бірнеше қаласында ашылуы мүмкін екені де хабарланды.
Алматының Мәдениет басқармасы өкілдері Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түспегенін мәлімдеді.
"Алматы қаласының тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы мұндай ұсынысты қарастырған жоқ", - деп жазылған хабарламада.
Келесі мақала