Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Сауапты істің бірі – аузы берік жанға ауызашар беру”: мүфтият бағасын шарықтатқан мейрамханаларға үндеу жасады

“Сауапты істің бірі – аузы берік жанға ауызашар беру”: мүфтият бағасын шарықтатқан мейрамханаларға үндеу жасады
Сурет: anadolia.com
Өкінішке қарай, соңғы кездері еліміздегі бірқатар мейрамхана, кафелер мен дәмханалардың иелері ауызашар мәзірінің бағасын өте жоғары ұсынып, халық арасында түсінбеушілік туындатуға себепші болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі дәмханаларға үндеу жасады.  Қасиетті Рамазан айында бағананы шарықтатып жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мүфтияттың баспасөз қызметі жариялады. 

«Қасиетті Рамазан – мұсылман баласын рухани тәрбиелеп, қарапайымдылық пен кішіпейілдікке баулып, дәулетті мен мұқтаждың арасын жақындастыра түсетін ай. Бұл айда жасалатын әрбір жақсылықтың сауабы еселенеді. Сондай-ақ мұқтажға қол ұшын беру – үлкен сауапты іс. Сол сауапты істің бірі – аузы берік жанға ауызашар беру. Өкінішке қарай, соңғы кездері еліміздегі бірқатар мейрамхана, кафелер мен дәмханалардың иелері ауызашар мәзірінің бағасын өте жоғары ұсынып, халық арасында түсінбеушілік туындатуға себепші болды», - деп жазды мүфтият.

ҚМДБ ауызашардағы тамақ әрі аз, әрі қарапайым болу керек екенін ескертті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейрамхана, кафелер мен тамақтану орындарының иелеріне халыққа қолжетімді қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырады», - деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар