Қоғам

Шерзат Болаттың өлімі: іс материалдары сотқа қашан түсетіні белгілі болды

Шерзат Болатқа қатысты істі прокуратура зерттеп жатыр

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс материалдары осы аптада сотқа түсетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Қазір Шерзат Болатқа қатысты істі прокуратура зерттеп жатыр. Жақын күндері, осы аптада сотқа түседі деп күтіп отырмыз", - деді Санжар Әділов.

Айта кетсек, өткен жылдың желтоқсан айында Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгенін және барлық күдікті ұсталғанын айтқан.