Басты жаңалықтар

Алматыда бір топ 15-17 жастағы қыздар оқушы қызды ұрып, тонап, тізерлеп кешірім сұратып видеоға түсірген

Анасы: Қызымды ұрып жатып біреуі аяғы тайып құлаған. Сол үшін қызым тізерлеп кешірім сұрапты.

 

Алматыда бір топ жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соғып, оны тізерлеп кешірім сұратқан және таяқталған оқушының телефоны мен ақшасын  алып кеткен. Оқиға туралы Qaz365.kz редакциясына зардап шеккен қыздың анасы хабарлаған деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Әйелдің айтуынша, инцидент 8 наурызда «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталығында болған. Оның қызы құрбысымен  «Пиноккио» ойын-сауық аймағында ролик теуіп жүрген. Бір сәтте қызды бейтаныс қыздар  алдап сыртқа шығарып, телефон, ақша және заттарын тартып алып, кейін ұрып-соға бастаған.

«Олар оны басынан және ішінен ұрып, видеоға түсірген. Жерге жатқызып, жан-жақтан қоршап тепкіге алған. Қызымды ұрып жатып біреуі шалынып құлапты. Сол үшін қызымды тізерлетіп кешірім сұратқан, оны видеоға түсіріп алған», — деді қыздың анасы.

Әйел дереу Әуэзов ауданындағы полиция басқармасына  арыз жазған. Полиция тез арада кінәлілердің кім екенін анықтап, бетпе-бет кездесуді өткізді, бірақ жасөспірімдерді босатып жіберген.

Қыздың анасы бетпе-бет кездесуді айтып жатып жылап жіберді. Оның сөзінше , шабуылдаушылар — 15-17 жас аралығындағы «Сестры» деп аталатын жасөспірімдер тобы.  Олар 11-14 жас аралығындағы мектеп қыздарына жүйелі түрде шабуыл жасап, қорқытып, ұрып-соғып, ақша мен телефондарын тартып алады. Егер телефондар қымбат болса — өздеріне қалдырады, арзандауларын — ломбардқа тапсырады екен.

Әйел сондай-ақ полицияда осы топтың құрбаны болған басқа ата-аналармен кездейсоқ кездесіп қалғанын айтты. Алматылық ана сол жерде таяқталған қызы бір апта ауруханаға жатып қалғанын айтты дейді жәбірленушінің анасы.

Оқиға бойынша 191-баптың 2-бөлімі, 1 және 3-тармақтарына сәйкес (зорлық-зомбылықпен жасалған топтық тонау) қылмыстық іс қозғалды.