“Ертең табанын жалатып, бас бармағын сордырады”: желіде Сарыағаш медресесінің бас ұстазы балаларға аяғын уқалатқан (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 наурыз, 2025
- 58

Желіде Түркістан облысындағы Сарыағаш медресесінің бас ұстазы Әбдужаппар Смановтың балаларға аяғын уқалатқан видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Ораз Әлімбек Facebook-парақшасында жариялады.
“Мынау Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінің шәкірттері. Оларға медресенің бас ұстазы Әбдужаппар Сманов бұтын уақалатып қойыпты. Сонда оқу-ағарту министрлігі медресе шәкірттеріне Смановтың бұтын уқаласын деп бюджеттен жүздеген миллиондап ақша бөле ме?! Мынау Смановқа тоқтау болмаса, ертең табанын жалатып, бас бармағын сордырады ғой ақыл тоқтатпаған балаларға”, - дейді ол.
Айтуынша, осыған дейін медреседегі былықтар туралы бірнеше рет жазған.
“Мен қанша мәрте айттым, мүфтияттың іші де, медреселері де былық деп - тергеп-тексеріп, бәрін сотқа тартып жазасын беру керек. Мынау Смановтың бюджет қаржысына бұтын уқалатуы мәселенің бергі жағы ғана... Мүфтият жүйесінде бұдан басқа да азғындық көп. Оның біразы жазылды, айтылды, бірақ құзырлы органдар мүфтиятқа келгенде түк көрмегендей айналып өтеді. Мынау Сманов деген оңбағанды сотқа беріп, жазалап, патша көңілді пәпігін басатын азамат Түркістан облысынан табылмай ма?! Мынандай қорлыққа зайырлы қазақ қашанға дейін шыдайды?!” - дейді Ораз Әлімбек.
Ұқсас жаңалықтар
Әуежайда қызды құтқарып қалған Мұса Әбдірайым халыққа ренішін жеткізді
- авторkyn.kz
- 12 наурыз, 2025