Басты жаңалықтар

Оқу-ағарту министрі ата-аналарға соңғы қоңырауға байланысты үндеу жасады

Барлық қаражатты мейрамханаларға емес, балалардың әл-ауқатына жұмсаған дұрыс

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев соңғы қоңырауда ата-аналарды мейрамхана іздеп шашылмауға шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрге соңғы қоңырауға қатысты сұрақ қойған. 

“Соңғы қоңырау 25 мамыр болып қалады, ол тиісті бұйрықта тұр. Біз балаларымызға ақшаны орынсыз жұмсауға үйретпеуіміз керек. Өйткені мектеп – тәрбие ортасы, өскелең ұрпаққа үлгі. Қазір ата-аналар мейрамхана мен дәмхана іздеп әуре болып жүрсе, онда біз қандай ұрпақ өсіреміз? Сондықтан қарапайым және үнемді болған жөн. Барлық қаражатты мейрамханаларға емес, балалардың әл-ауқатына жұмсаған дұрыс. Ал жинаған ақшаны мейрамханаларға шашу – балалардың болашағы мен әл-ауқатына теріс әсер етеді”, – деді Ғани Бейсембаев.