Спорт

Сабина Алтынбекова: Ресми түрде ажырастық

Ең сұлу, сұңғақ бойлы волейболшы Сабина Алтынбекова жеке өмірі жайлы айтты.

Сабина Алтынбекова желі қолданушыларына алғаш рет жеке өмірі жайлы айтты. Ол бұған дейін бейресми ақпараттар қанша шықса да отбасына қатысты сұрақтарға еш жауап бермейтін. Оқырмандарының бірі спортшыға "Сіздердің ажырасып кеткендеріңіз рас па?" деген сұрақ қойған. Алтынбекова көп түсетін сұраққа бір рет жауап беріп, нүктесін қойғысы келетінін айтқан.

«Мен ресми түрде некеде болдым және ресми түрде ажырастым. Бұл жайтқа қатысты көптеген сауал болды. Осы жауабыммен бәріне нүкте қоямын», - деді Алтынбекова.

Айта кетейік, волейболшы Сәбина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы ерлі-зайыпты ұлды болған еді.

Бүгінге дейі Алтынбекова Индонезияның «Yogya Falcons» командасында өнер көрсетті. Алайда, қазір Астанаға оралған. Болашақ жоспары туралы волейболшы жақын күндері мәлімдемек.