Қоғам

Мешітте аяғын ұқалатқан сарыағаштық ұстазға діни басқарма ескерту берді

Қазақстан мұсылмандары басқармасы ресми түрде ұстаздың әрекетін әдепсіздік деп бағалаған.

"Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады", - делінген ақпаратта.

Діни басқарма мешіт әдебін сақтауға шақырды.