Денсаулық

Қазақстан бойынша кімдер тісін тегін емдете алатыны айтылды

Шұғыл көмек – кез келген уақытта жолдамасыз көрсетіледі

Қазақстанда шұғыл көмекке мұқтаж адамдар учаскелік дәрігерден жолдама алмай-ақ, тікелей стоматологиялық мекемелерге жүгіне алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Елімізде шұғыл стоматологиялық көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

  • 18 жасқа дейінгі балалар;
  • жүкті әйелдер;
  • Отан соғысының ардагерлері;
  • I, II және III топтағы мүгедектер;
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алған көпбалалы аналар;
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  • жасы бойынша шыққан зейнеткерлер;
  • жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар аурулары, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар пациенттер.
  • мүгедектігі бар немесе бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар.

Дәрігерден жолдама алмай-ақ келесі процедураларды алуға болады:

  • күрделі кариесті, пульпитті, периодонтитті емдеу;
  • күрделі тістерді, соның ішінде "ақыл" тістерді жұлғызу;
  • абсцесстерді ашу және одонтогенді кисталарды жою;
  • шыққан жақты орнына қою;
  • қатерсіз өсінді-ісіктерді жою (мысалы, эпулис);
  • жарақат алған кезде қозғалған тісті уақытша орнына келтіру;
  • тіл жүгеншігі немесе ерін пластикасы.

Жоспарлы стоматологиялық көмек мыналарды қамтиды:

  • профилактикалық тексерулер және тістерді тазалау;
  • кариесті емдеу (композиттік материалдардан жасалған пломбаларды қолдана отыра);
  • қарапайым және күрделі тісті жұлу;
  • жүйкені (тіс ұлпасын) алып тастау;
  • гингивит, стоматит және қызыл иектің басқа қабынуын емдеу.

Ортодонтиялық көмек жақ сүйегінің туа біткен ауытқулары бар (таңдай жырығы, тістеу қабілеті дұрыс жетілмеген) және тіс-жақ деформациялары бар 6 жастан 12 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.

Шұғыл көмек – кез келген уақытта жолдамасыз көрсетіледі. Жоспарлы көмек алу үшін тіс дәрігеріне жазылу қажет. Егер дәрігер емханада амбулаториялық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деп санаса, науқас жедел жәрдеммен ауруханаға жіберіледі.