Басты жаңалықтар
Ақтөбелік дәрігерлер Гинесс рекордтар кітабына енді
- автор kyn.kz
- 14 шілде, 2018
- 254
Ауқымды акцияны өткізуге 4000 қала тұрғыны көмекке келді.
Ақтөбе таймс жазады.
Бұл акция 5 шілде күні Денсаулық паркінде өтті. 500 дәрігер бір сағат ішінде жас аралығы 18-60 шамасындағы 4270 адамның қан қысымын өлшеді. Сонымен қатар, ақ халаттылар ақтөбеліктерді қабылдап, қажетті кеңестер берді.
Бұл көрсеткішті Гинесс рекордтар кітабына енгізу масатында өтініш 2018 жылдың ақпан айында жіберіліп қойған. Осыған дейінгі рекорд Үндістан дәрігерлеріне тиесілі. Олар бір сағат ішінде 3600 адамның қан қысымын өлшеген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асет Қалиевтің айтуы бойынша акция ұйымдастырудағы басты мақсат - рекорд жаңарту емес, артериялық гипертония сырқатын алдын алу, бұл мәселеге халық назарын аудару.
Рекордты тіркеу үшін Ақтөбеге 80 тәуелсіз маман шақыртылды. "Жақын арада рекордты растайтын құжатты алуымыз керек", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Келесі мақала