Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Күйеуі Тұрсынның арқасы»: Дана Нұржігіт Баян Алагөзова туралы ойымен бөлісті

«Күйеуі Тұрсынның арқасы»: Дана Нұржігіт Баян Алагөзова туралы ойымен бөлісті
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Алдымен “Баянның соры болды” деп жолыққан адам, бағы болып сүйіктісінің арманын орындады

Белгілі тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт Астанада өткен Баян Алагөзованың шоуына қатысты өз ойын жазды. Ол продюсердің қандай адам екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тележүргізішу әріптесі туралы сөз қозғап, оның күресшіл адам екенін жеткізді.

«Кеше Баян Алагөзованың жеке шақыруымен оның авторлық мюзиклы шоу “Queen” ға бардым. Екі сағаттық қойылым-Баянның өмірі көз алдымнан өтті. Баян-замандасым, бір салада жүргенімізге 30 жылдан асыпты. Оның әншілігі, тілші, жүргізуші, продюсер, киноактриса, ұстаздығы бәрі-бәрі елге аян. Ол ештеңені жасырмайды. Бақытты екенін де, бақытсыз екенін де. 

Жағдайға мойынсұнып та өмір сүруге болады, тып-тыныш. Ол бәрінің қолынан келеді. Ал Баян ішкі жан дүниесі қаламаған, сүймеген жерде тұншығатын адам. Ол шын сыйлатын, шын сүйетін адамына құрметін аямайды, ал шалқайғанға шалқаяды», - деп жазды.

Айтуынша, Баян өз махаббат сезімі үшін күресе білген, оны шынайы қабылдай білген адам.

"Баянның өлшемі — ішкі азаттығы, өзінің ары алдындағы адалдығы. Осы екі ұғымға қиянатты сезді ме, шыдап отыра бермейді! Күреседі! Иә, ол көпке ұнайды, ұнамайды да! Бірақ Баян тек өзінің жолын, өз үнін, өз көзқарасын таңдап,өз қағидасымен өмір сүреді. Кешегідей шоу Қазақстанның бір де бір актрисасына арнайы қойылмаған!

Күйеуі Тұрсынның арқасы. Алдымен “Баянның соры болды” деп жолыққан адам, бағы болып сүйіктісінің арманын орындады.Мюзикл-жанр ретінде бізде туып, бізде дамымаған өнер. Ондай әмбебап актерлар, режиссер, дыбыс, жарық режиссерларын табу, труппа жинау қиынның қиыны.

Оны мүмкін қылған Баянның арманы, Тұрсынның қаржысы.Түптеп келгенде екеуінің махаббаты. Балаларды да, спектакльді де дүниеге әкелген екеуінің шын сезімі. Олар өздеріне ұрын келген, кешіккен алапат сезімнен қашып құтыла алмайтынын біліп,сол үшін қан,қарғыс көрсе де тағдырдан бірге болуды күресіп барып,қалауын жұлып алған адамдар. Ғашықтар сондай эгоистер! Иә! Өйтпесе бірге болу жоқ! Бірақ екінші өмір де жоқ қой!»- деп сөзін аяқтады Дана Нұржігіт.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар