Петропавлда дәрігерлер 58 жастағы әйелдің өтінен көлемі жұмыртқадай тас алды
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 наурыз, 2025
- 310

Петропавлда көпсалалы қалалық аурухананың хирургтары пациенттің өт қабынан үлкен тас алды. Көлемі тауықтың жұмыртқасындай, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
58 жастағы әйел ішінің жоғарғы бөлігі қатты ауырып, жедел жәрдеммен ауруханаға түскен.
"Ауырсынудан басқа, науқаста жүрек айнуы, аузында ащы сезім мен ауру сезімі болды. Симптомдар майлы және қуырылған тағамдардан кейін пайда болған және бір күн бойы басылмаған. Тексере келе науқастан өттегі тас ауруы анықталды. Дәрігерлер шұғыл операция жасау туралы шешім қабылдады", – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Ота бір жарым сағатқа созылған. Хирургтар Алексей Дрюпин мен Жамшид Өмірзақов, анестезиолог Альбина Абышева жүргізген.
Дәрігерлер науқастың өт қабынан бірнеше тастарды алған. Медициналық мекеме қазір науқастың емделіп жатқанын мәлімдеді.
Дәрігерлер өттегі тастар ұзақ уақыт бойы адамға сезілмейтінін ескертті.